РОО «Национальная Федерация Конькобежцев» Казахстана

Конькимен жүгіру спорты бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары туралы

22.10.2020

Ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 12 қазандағы хаттамасына сәйкес "Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті" қоғамдық бірлестігі 2020 жылдың соңына дейін түрлер бойынша ресми республикалық жарыстар тізбесінің жобасын әзірледі.

Олимпиада балалық шақтан басталады

18.06.2020

«Олимпиада балалық шақтан басталады». Дәл осындай ұранмен Қазақстанда Халықаралық Олимпиада күнін мерекелу басталады!

21 маусым таңғы сағат 10-да Ұлттық Олимпиада комитетінің Youtube арнасында интерактивті марафон өтеді. Оған Қазақстанның барлық өңірі мен Олимпиада спортшылары қатысады!

Марафон барысында сіздерге:
✔️ #teamKZ спортшылармен әңгімелесуге
✔️ Әртүрлі жаттығуды үйренуге
✔️ Бағалы сыйлықтарды ұтып алуға мүмкіндік туады

@olympickz парақшасына жазылыңыздар және де барлық пост пен стористарға хабарландыру қойып қоюды ұмытпаңыздар! Себебі, сіздерді өте қызық жоба күтеді!

#teamKZ #OlympicDay #OlympicDay2020 #ДвигайсяСнами

КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУДЕН ТӨРТ ҚҰРЛЫҚ ТУРНИРІ

01.02.2020

31 қаңтар күні АҚШ-тың Милуоки қаласында конькимен жүгіру спортынан тарихта алғаш рет «Төрт құрлық турнирі» басталды.

Коньки тебу спортынан 2018 – 2019 қысқы кезеңінің ашылу жарысы өтті

24.11.2018

2018 жылғы қараша айының 15-16 күндері Астана қаласында орналасқан Алау мұзайдынында коньки тебу спортынан 2018 – 2019 қысқы кезеңінің ашылу жарысы өтті. Жарыс ережесі бойынша басқа өңірлердің құрамаларына да қатысу мүмкіндігі туды. Астана қаласын қосқанда еліміздің 5 өңірінен жаопы саны 80 спортшы қатысты. Біздің конькишілеріміз барлық жас ерекшелік топтарында жеңімпаз және жүлдегер атанды.

Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасы Минскіде оқу-жаттығу жиынын бастады

07.08.2018

Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасы Минскіде оқу-жаттығу жиындарын бастады. Команданың бас бапкері Дмитрий Бабенконың айтуынша, жиыннан соң спортшылар Белоруссияның ашық Кубогінде бақ сынайды.

КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУШІЛЕР ШОРТ-ТРЕКТЕН ЖАҢА МҮМКІНДІК ІЗДЕУДЕ

31.07.2018

Қазақстандық конькимен жүгірушілер Астанада төртінші әрі соңғы жазғы оқу-жаттығу жиынын аяқтады. Соңғы жаттығу кезеңі шорт-трекке арналған болатын. Жаттығудағы мұндай әдіс алғаш рет қолданылып отыр. 

Эстафета біздің спортшыларға жаңа мүмкіндік сыйлайды

25.07.2018

Шорт-тректен аралас эстафета Олимпиада ойындарының бағдарламасына енді. ХОК 2022 жылы Бейжіңде өтетін Олимпиада ойындарының қатарына шорт-тректен жаңа қашықтықтың енетінін хабарлаған болатын.

Дмитрий Бабенко Қазақстан конькишілер құрамасын басқарады

22.06.2018

Ұлттық конькишілер федерациясы спорттың үш түрінен бас бапкерлікке үміткерлер арасынан таңдау жасады. Шорт-тректен - Мәдіғали Қарсыбеков, мәнерлеп сырғанаудан - Құралай Узурова, конькимен жүгіру спортынан - Дмитрий Бабенко бас бапкер болды.

Астанада шорт-трек пен коньки тебу спортынан ел чемпионаты басталды

30.03.2018

Елордада шорт-трек пен коньки тебу спортынан ел чемпионаты басталды.

Шорт-тректен құрамасы Олимпиада ойындарында эстафетада өнер көрсететін болды

26.01.2018

Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарында эстафета сайысына жолдама алды.

Партнеры

http://glass-house.kz/www.olympic.kz